Биатлоншы қыздарымыздың жекелей жарыста жолдары болмады
Қазақстандық биатлоншылар Пхенчхандағы қысқы Олимпиаданың жекелей жарысында үздік 30-дыққа ене алмады.
Біздің қыздардан ең үздік нәтижені, күткеніміздей, Галина Вишневская көрсетті – 45-ші орын (+5:16.2).
Ольга Полторанина 46-шы, ал Алина Райкова 47-ші орынға табан тіреді. Дарья Климина болса, мәре сызығын 51-ші болып кесті.
Бұл жарыста жас швециялық Ханна Эберг сенсация жасап, алтын жүлде еншіледі. Словакиялық Анастасия Кузьмина күміс медаль алса, қола жүлде неміс Лаура Дальмайерге бұйырды.
Қысқы Олимпиада ойындары-2018. Пхёнчхан (Оңтүстік Корея)
Биатлон. Әйелдер. Жекелей жарыс. 15 шақырым
1. Ханна Эберг (Швеция) — 41:07.2 (0+0+0+0)
2. Анастасия Кузьмина (Словакия) — +24.7 (0+1+1+0)
3. Лаура Дальмайер (Германия) — +41.2 (1+0+0+0)
45. Галина Вишневская (Қазақстан) — +5:16.2 (0+2+1+0)
46. Ольга Полторанина (Казахстан) — +5:29.3 (0+0+1+1)
47. Алина Райкова (Казахстан) — +5:30.2 (0+1+0+2)
51. Дарья Климина (Казахстан) — +5:37.2 (2+0+1+0).