Олимпиада-2018. Алтыншы жарыс күнінің қорытындысы
Бүгін, 14 ақпанда, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында бес түрлі жарыста жүлделер сарапқа салынып, кей сайыстарға қазақстандықтар қатысты.
Бұл Олимпиадада Мария Григорова өз өнерін көрсете алар емес. Бұл жолы қатты жел арнайы слалом жарысын өткізуге бөгет келтірді. Ұйымдастырушылар жарысты кейінге ысырып тастады.
Конькимен жүгіру спортында Екатерина Айдова өзінің сүйікті жарысы – 1000 метрлік қашықтықта үздік жиырмалыққа да кіре алмады (24-ші орын).
Ауа-райының қолайсыздығы биатлонға да әсерін тигізді. Бүгінге жоспарланған әйелдер арасындағы жекелей жарыс өтпей қалды. Мұнда Галина Вишневская, Алина Райкова, Дарья Климина мен Ольга Полторанина жарыс жолына шығуы тиіс еді. Бұл сайыс енді ертең Астана уақытымен 14:15-те басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или