Қысқы

Екатерина Айдова 1000 метр қашықтықта 24-ші орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Конькимен жүгіру спортынан қазақстандық Екатерина Айдова Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада 1000 метр қашықтықта бақ сынады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Ол жарыс жолына қытайлық Жуйнин Тяньмен шығып, қарсыласынан қалып кетті.

Айдова жарыс жолын 1,17,09 уақытта аяқтады. Бұл көрсеткіш қазақстандық спортшыны жүлделі орынға шығара алмады. Бар болғаны 24-ші орынға тұрақтады.

Бас жүлде Голландиялық спортшының қанжығасында кетті. Ал одан кейінгі жүлделі екі орын Жапон қыздарына бұйырды.

Йорин Тер Морс Нидерланд 1:13.56 (Олимпиада рекорды)
Нао Кодайра Жпония 1:13.82
Михо Такаги Жпония 1:13.98

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер