Никита Копыренко: Көрсеткен нәтижем қазіргі деңгейіме сай
Шана спортынан Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсеткен Никита Копыренко төрт жылда бір өтетін жарыстан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
- Олимпиада мен үшін аяқталды. Кореяға алғыс айтамын! 2014 жылы, Сигулдада бірінші рет шанадан түскенімде, төрт жылдан кейін Олимпиадада өнер көрсетемін деп ойламаппын. Барынша тырыстым, көрсеткен нәтижем қазіргі деңгейіме сай. Біраз тәжірибе жинадым. Қолдауларыңыз үшін көп рақмет. Мотивация бар, алда көп жұмыс күтіп тұр. Алға, Қазақстан!, - деді Копыренко.
Естеріңізге сала кетсек, бір орынды шана сайысында отандасымыз 36-шы орын алған болатын.<span> </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или