Пхенчханда намаз оқитын бөлмеге қатысты дау шықты

Пхенчханда намаз оқитын бөлмеге қатысты дау шықты

хенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада мұсылмандардың намаз оқитын бөлмесіне қатысты дау шықты, деп хабарлайды<span> </span>Вaq.kz<span> </span>ақпарат агенттігі.

Ислам дінін ұстанушылар Олимпиада ойындарының ұйымдастырушыларына намаз оқу үшін арнайы бөлме сұрағанда, пхенчхандықтар жасап береміз деген. Бұл туралы Чемпионат.com сайты Yahoo Sports басылымына сілтеме жасап жазады.

Каннын қаласының туризм комитетінің басшысы мұндай бөлмені әзірлеуге басында қарсы болмағанын айтты. Бірақ жергілікті тұрғындар бұған нарызылық танытты.

Мұсылмандар сәжде ететін арнайы бөлмені әзірлеуге қарсы 56 мың оңтүстіккореялық қол қойды. Елдегі белсенділер өздерінің төлейтін салығына намаз оқитын бөлме әзірлеуге қарсы болып отыр. Олардың айтуынша, мұсылмандар кез келген таза жерде намаз оқи алады.

«Олимпиада ұйымдастырушылары Оңтүстік Кореяны ұлттар мен діндерді құшақ жая қарсы алатын ел ретінде көрсеткісі келді. Бірақ бұл ойы жүзеге аспады. Мұсылмандардың наразылығы тек күшейіп жатыр», - делінген мақалада.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или