Аяулым Әміренова финалдық кезеңге жолдама ала алмады
Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан XXIII Олимпиада ойындарында қазақстандық фристайлшы Аяулым Әміренова могул сайысының екінші іріктеу кезеңінде бақ сынап, финалдық кезеңге өтпей қалды..
Отандасымыз алғашқы іріктеу кезеңінде 52.78 ұпай жинап (26 орын), финалға жолдама ала алмаған болатын. Алайда, бүгінгі екінші іріктеуде де қателіктерге жол беріп, 38.68 ұпай еншіледі.
Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша, жас фристайлшы 52.78 ұпаймен 17-ші орынды иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или