Шевченко скиатлонда 36-шы орын алды
Пхенчхан Олимпиадасында әйелдер арасында скиатлионнан алғашқы жүлделер сарапқа салынды.
Қазақстандық Анна Шевченко мәреге 36-шы болып келді. Ал Елена Коломина 54-ші орында. Валерия Тюленова болса, мәре сызығын кесе алмай, 8,77 шақырымда жарыс жолынан шығып қалды.
Бұл сайыста бірінші орынды швециялық Шарлотт Калла еншіледі. Күміс медаль норвегиялық Марит Бьергинге бұйырды. Үздік үштікті финляндиялық Криста Пярмякоски түйіндеді.
Қысқы Олимпиада ойындары-2018. Пхенчхан (оңтүстік Корея). Тау шаңғысы. Әйелдер. Скиатлон. 7,5 км классикалық стиль + 7,5 еркін
1. Шарлотт Калла (Швеция) — 40:44.9
2. Марит Бьёрген (Норвегия) — +7.8
3. Криста Пярмякоски (Финляндия) — +10.1
36. Анна Шевченко (Қазақстан) — +3:40.2
54. Елена Коломина (Қазақстан) — +5:43.6
DNF. Валерия Тюленева (Қазақстан).