Арман Әшімов M-1 Challenge уақытша чемпионы атанды

Арман Әшімов M-1 Challenge уақытша чемпионы атанды

Қазақстандық жекпе-жек шебері Арман Әшімов Санкт-Петербургте M-1 Challenge 87 аралас жекпе-жек турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

<span>Қазақстандық спортшы финдік Микаэля Силандерамен айқасқа түсіп, ең жеңіл салмақ санатында уақытша чемпион атанды. </span>

<span>Жерлесіміз бірінші раундта қарсыласының осал тұстарын барлап алып, екінші раундта оны нокаутқа жіберді. </span>

<span>Арман Әшімов 2017 жылы жарқ етіп көзге түскен еді. Ол сол жолы жеңіліп көрмеген Гаджимурад Алиевті сұлатып салған болатын. Арада аз уақыт ішінде оған шарт ұсынылды. Екінші жекпе-жегінде Арман бразилиялық Родриго Мелонионы нокаутпен жеңген. </span>

<span>Енді Әшімов жарақатына байланысты уақытша жекпе-жектен шеттеп жүрген чемпион Александр Доскальчукпен кездеспек. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или