Алексей Ни: «Алдағы Әлем біріншілігінде жастарды сынаймыз»

Қараша айында Польшаның астанасы Варшава қаласында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты өтетіні белгілі. Төрткүл дүниенің кіл мықты зілтеміршілері қатысатын бұл біріншілікке Қазақстан құрамасы дайындықтарын қалай өткізіп жатқаны және Польша астанасындағы дүбірлі додағы қандай мақсат қойғаны туралы біз ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ниден сұраған едік.

— Алексей Геннадьевич, Қазақстан құрамасы Әлем біріншілігіне қалай дайындалып жатыр?

— Бүгінгі таңда біздің зілтеміршілер Алматы облысында дайындықтарын өткізіп жатыр. Жақын арада Талдықорғанға жол тартамыз. Ал, 17-ші қазан күні бірінші болып өнер көрсетін спортшылар Варшаваға аттанады. Әлем біріншілігне баратын негізгі құраманы шамамен 10 қазанда анықтайтын шығармыз.

— Оқу-жаттығу жиындарында қандай спортшылар бар және ол зілтеміршілер қандай бағдарлама бойынша дайындалып жатыр?

— Негізінен біз биылғы жарыстардың барлығында тек жастарды сынап жатырмыз. Сондықтан да қазір құрама сапында еліміздің екінші және үшінші нөмірлі спортшылар жаттығып жүр. Дайындық барысында спортшының физикалық және моральдық дайындықтарына көп көңіл бөліп жатырмыз. Себебі, құрамаға шақыртылған спортшылардың басым көпшілігі жастар. Тіпті кейбіреулері үшін алдағы Әлем біріншілігі ол зілтеміршілердің өміріндегі ең маңызды жарыстары да болуы мүмкін.

— Жалпы құрама сапында бүгінде қанша спортшы жаттығыа жатыр?

— Бүгінгі күні жалпы құрама сапында 25 спортшы дайындалып жатыр.

— Жалып, біздің ауыр атлетика құрамасы Лондонда төрт бірдей алтын алып «айды аспанға шығарғаны» белгілі. Енді алдағы Әлем біріншілігінде құраманың алдына қандай мақсаттар қойылды? Қанша медаль аламыз деп жоспарлап жатырсыздар?

— Әлем біріншілігінде дәл мынандай медаль болады деп айта алмаймын. Жоғарыда айттым ғой, біз бұл Әлем біріншілігіне жастарды алып бара жатырмыз. Әлем чемпионатындағы біздің басты мақсатымыз – жас спортшылардың шамасы неге жететінін анықтау.

— Дегенмен де, сіздің ойыңызша Польшада қандай зілтемірші жақсы өнер көрсетуі мүмкін.

— Менімше, Карина Горичеваның бәрімізді қуантуға шамасы толық жетеді.

— Соңғы сұрағым болсын, Қазақстан құрамасының негізі қарсыластары Польшаға қандай құрамын алып барады?

— Шынымды айтсам, бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Өйткені, мен басқа командалардың құрамалары туралы ешнарсе білмеймін. Егер, алдағы жарыста біз негізгі құрамымызды қойып, алдымызға барынша көп алдын алу керек деген мақсат қойғанымызда өзге командалардың жағдайы туралы да мәлімет жинайтын едік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или