Федерация кубогы: Путинцева мен Дияс жұптық бәсекеде жеңіске жетті
Нью-Делиде (Үндістан) Федерация кубогы аясында Қазақстан құрамасы Гонконг командасымен күш сынасты.
<span>Бірінші кездесуде Зарина Дияс гонконгтік Хо-Чинг Вуды (1123) — 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірген еді. Одан кейін кортқа шыққан Юлия Путинцева Кван Яу Нгді (966) 6:1, 6:0 есебімен оңай ұтты.</span>
<span>Зарина мен Юлия жұпсатып өнер көрсету сәтінде де осы жеңісті жолды жалғастырды. Қазақстандық қыздар Чонг Э.Вонг/Чжан Лин жұбын 6:1, 6:3 есебімен қапы қалдырды. </span>
<span>Осылайша Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.</span>
<span>Ертең отандастарымыз екінші кездесуін Азия/Океания аймағының «А» тобында Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или