Пхенчхан қаласында Қазақстанның туы көтерілді
Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында Қазақстанның туы көтерілді, деп хабарлайдыҚазАқпарат<span> </span>тілшісі.
<span>XXIII қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында өткен ту шығару рәсімінде спортшыларды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев бастап шықты. </span>
<span>Естеріңізге сала кетейік, Пхенчхан қаласындағы Олимпиада ойындарына екі күн қалды. Қазір қазақстандық спортшылар Олимпиада қалашығында соңғы дайындықтарын пысықтауда. Қазақстан спортшылары Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Ақ Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты 9 ақпанда, ал жабылу рәсімі 25 ақпанға жоспарланған.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или