2022 жылы Олимпиада ойындары Африкада өтуі мүмкін
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2022 жылғы жастар арасындағы Олимпиада ойындарын Африкада өткізуді ұсынды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Егерде бұл ұсынысты бәрі қолдаса, ҰОК Африкалық ұлттық комитеттерімен тығыз байланысты болып, бұл мақсатты жүзеге асыруға көмектеседі. «Иә, біз 2022 жылғы жастар арасындағы Олимпиада ойындарын қабылдайтын ел Африка құрлығынан болғанын қалаймыз», - деді Томас Бах.
Естеріңізге сала кетсек, биыл жастар арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Буэнос-Айресте өтеді. Аталыш жарыс қазанның 6-ы мен 18-і аралығында өтеді деп жоспарлануда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или