Левит: Төрешілердің шешімін талқылау менің құзыретімде емес

Левит: Төрешілердің шешімін талқылау менің құзыретімде емес

Қазақстан боксшысы Василий Левит Рио-де-Жанейродағы даулы шешімдерге қатысты ХОК-тің  алдағы тексерулеріне орай «ҚазАқпарат» тілшісіне пікір білдірді.

<span>«Мен бұл жайындағы ақпаратты оқып шықтым. Шынын айтсам, бұл турасында көп ойланбаппын. Қандай шешім жасаса да, алда көре жатармыз. Жалпы, төрешілердің шешімін талқылау менің құзыретімде емес. Бірінші кезекте мен спортшымын», - деді боксшы. </span>

<span>Бұдан бұрын хабарланғандай, Халықаралық Олимпиада Комитетінің басшысы Томас Бах комитет 2016 жылы Олимпиадада болған кейбір бокс жекпе-жектеріне қатысты шешімдердің әділдігін зерттейтінін мәлімдеді.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или