Төрт палуанымыз финалда!

Дзюдодан Алматыда өтіп жатқан Гран-при бәсекесіндегі алдын-ала белдесулер аяқталды.

Кездесулер нәтижесінде төрт бірдей жерлесіміз ақтық сынға жолдама алды. Ислам Бозбаев (90 келіге дейін) ресейлік Дмитрий Довган мен бразилиялық Силваны жеңді. Финалдағы қарсыласы – өзбек Хуршид Набиев. 100 келі салмақ дәрежесінде 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков латын америкалық Рафаэль Бузакаринимен күш сынасады.

100 келіден жоғары салмақта Ержан Шынкеев финалға шықты. Жерлесіміз ақырғы айқаста белорусиялық Александр Вахавякпен белдеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или