Вадим Саютин: Олимпиада алдындағы жиындар жақсы өтті

Вадим Саютин: Олимпиада алдындағы жиындар жақсы өтті

Коньки тебуден Қазақстан құрамасының кеңесші бапкері Вадим Саютин Каннындағы мұз айдынға өз бағасын берді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз-қызметі.

- Жапонияда бір жарым аптаға жалғасқан ОЖЖ өткіздік. Ең бастысы - жергілікті сағаттық белдеуге бейімделдік. Өз алдымызға қойылған мақсаттарды орындадық. Жиын жақсы өтті.

- Олимпиада қалашығы туралы айтып берсеңіз?

- Бәрі жақсы. Барлығы олимпиадалық стандарт бойынша жасалған. Еш кедергі жоқ.

- Мұз айдынға қандай баға берер едіңіз?

- Бүгін бірінші рет мұз айдынға шықтық. Бәрі ұнады. Трасса тегіс, жылдам жүгіру үшін жақсы. Бесінші ақпан күні Екатерина Айдова бірінші болып мұз айдынға шығады, артынша құраманың қалған мүшелері тартылады.

Естеріңізге сала кетсек, қысқы Олимпиада ойындарындағы коньки тебу спорты "Каннын Овал" мұз айдынында өтеді. Бұл жарыста ел намысын мына спортшылар қорғайды: Роман Креч, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Станислав Палкин, Артем Крикунов, Екатерина Айдова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или