Дархан Асаділов «Paris Open» турнирінде жеңімпаз атанды

Дархан Асаділов «Paris Open» турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық каратеші Дархан Асаділов халықаралық «Premier League Paris» турнирінде топ жарды.

Отандасымыз 60 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Финалда Дархан бразилиялық Дуглас Брозені жеңді. Жарыстың қола жүлдесі өзбекстандық Садриддин Сайматов пен франциялық Йоанн Лопештің еншісінде.

Әйелдер арасында жерлесіміз Сәбина Захарова (55 келі) бесінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или