Тедди Атлас: Күмәнсіз, екінші кездесуде «Канело» жеңеді
Танымал америкалық бапкер Тедди Атластың айтуынша Геннадий Головкин мамырдың 5-і күні Сауль Альварестен ұтылады.
«Меніңше, екінші кездесуде<span> </span>Альварес жеңеді. Шынымды айтсам, тіпті күмәнім де жоқ. «Канело» Головкиннен жас. Оның үстіне бірінші кездесуден кейін Альварестің өзіне деген сенімі артты. Головкинді жұрт тым қатты мақтап кеткен сияқты», - деді Атлас Boxing Ego сайтына.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша GGG өзінің барлық белбеулерін сақтап қалды. Енді екінші кездесу 5 мамыр күні өтеді.
kaz.tengrinews.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или