Дэвис кубогы: Жеребе тартылды

Дэвис кубогы: Жеребе тартылды

Бүгін<span> </span>Дэвис кубогының 1/8 финалында<span> </span>жолығатын<span> </span>Қазақстан мен Швейцария құрамалары арасындағы кездесудің жеребесі тартылды, деп хабарлайды SPORTINFORM.

Қос құрама арасындағы ойында бірінші болып кортқа Дмитрий Попко мен Генри Лааксонен шығады. Артынан Михаил Кукушкин мен Адриан Бодмер өзара кім мықтыны анықтайтын болады.

Ал, жұптық сайыста Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин  швейцариялық теннисшілер Марк-Андреа Хуслер мен Лука Маргаролимен күш сынасады. Ең соңында Кукушкин - Лааксонен және Попко - Бодмер матчын тамашалай аласыздар.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или