Головкин Канеломен рематчта орта салмақтың рекордын қайталауы мүмкін

Головкин Канеломен рематчта орта салмақтың рекордын қайталауы мүмкін

<span>WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареске  екінші кездесуде жеңіске жететін болса немесе тең түсетін болса, чемпиондық белбеуді қорғау бойынша орта салмақтың рекордын қайталауы мүмкін. </span>

<span>Головкин осы уақытқа дейін белбеулерін 19 рет сәтті қорғаған. Ал орта салмақтағы рекорд 53 жастағы америкалық боксшы Бернард Хопкинске (55-8-2, 32 КО) тиесілі. Ол 1995 жыл мен 2005 жылдар аралығында белбеуін 20 рет сәтті қорғаған. </span>

<span>«Егер GGG 5-мамыр күні «Канеломен» өтетін жекпе-жекте белбеуін қорғап қалса, онда ол 20 рет чемпиондық атағын сақтап, орта салмақтағы рекорд иегері Хопкинспен теңеседі», – деп жазады ESPN шолушысы Дэн Рафаэль өзінің Твиттер парақшасында.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или