Ұлттық спорт

Шығысқазақстанда бүркітшілердің ХІІ чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

3-4 ақпан күндері Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында Астананың 20 жылдығына арналған ересек бүркітшілердің ХІІ чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Осымен 12-рет ұйымдастырылғалы отырған бәсеке екінші жыл қатарынан Шығыс Қазақстанда өтпек. Оған 10 облыстың құсбегілері қатысады.

«Бүгіннің өзінде жеті өңірден қатысушылар келіп үлгерді. Жалпы жиыны 40 бүркіт, 78 қаршыға, тұйғын, сұңқар сияқты құстар бақ сынайды деп күтілуде», - дейді ұйымдастыру алқасының өкілі Тәттімбет Кәпұлы.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы Бауыр Әмірғалиновтың айтуынша, сайыстың жалпы жүлде қоры 500 мың теңгені құрамақ. Дегдар дәстүрімізді ұлықтайтын біріншілік екі күнге созылады деп жоспарланған.



Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер