НВО сарапшысы: Бұл жолы төрешілер жақсырақ болады деп үміттенемін

НВО сарапшысы: Бұл жолы төрешілер жақсырақ болады деп үміттенемін

НВО сарапшысы Рикардо Селис қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жекте төрешілер әділ қазылық етеді деп үміттенеді.

Естеріңізге салсақ, 16 қыркүйекте өткен алғашқы кездесу тең аяқталып, бұл нәтиже үлкен жанжал шығарған болатын. Төрешілер шешімі мынадай болды: Аделаида Берд – 118:110 Канелоның пайдасына, Дон Трелла – 114:114, Дэйв Моретти – 115:113 Головкиннің пайдасына.

«Үміттенемін... Бұл жолы төрешілер алғашқы жекпе-жекте Головкинге екі-ақ раунд берген Аделаида Бердке қарағанда жақсырақ болады деп үміттенемін», - деп жазды Селис.

Айта кетейік, Головкин – Альварес рематчы 5 мамырда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или