Қазақстандық боксшылардың кезекті айқастарының мерзімі мен қарсыластары өзгерді
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Қазақстандық Дәулет Дәукенов (3-0, 1 КО) пен Станислав Калицкийдің (3-0, 3 КО) Ресейдің Екатеринбург қаласындағы жоспарланған жекпе-жектері өзгердi. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Боксшылар айқастарын 13 ақпанда өткізу керек болған еді. Дәукеновтың қарсыласы украиналық Антон Веселовский (2-0, 1 КО), ал Калицкий беларусьтық Илья Реуцкиймен (9-16-1, 5 КО) жұдырықтасуы тиіс еді. Енді қазақстандық спортшылардың жекпе-жегі 10 ақпанда өтеді. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">BoxRec.com ақпараты бойынша, Дәулет Шамиль Даутаевпен (3-2), ал Станислав - Денис Лашинмен (7-5-1, 2 КО) күш сынамақ. Екі қарсылас та Ресейдің атынан шығады.</span>