Федерер қуаныштан көзіне жас алды

Федерер қуаныштан көзіне жас алды

Бүгін Австралия ашық біріншілігінің ерлер арасындағы финалдық кездесуінде әлемнің екінші ракеткасы Роджер Федерер хорватиялық теннисші Марин Чиличті(6) ұтып, жеңімпаз атанған еді.

Осы жеңісінен кейінгі марапаттау рәсімінде швейцариялық теннисші өз қуанышын жасыра алмады. Бұл оның Australian Open турнирін алтыншы мәрте жеңіп алуы болса да, жасы 35 тен асқан спортшы үшін осы біріншілікті жеңіп алу оңай емес. Сол себепті болар, Федерер марапаттау сәтінде көз жасына ерік беріп алды.

- Бәрі тамаша болды, өте қуаныштымын! бүгін бір өте ұзақ күн болды. Кездесуді түстен кейінгі уақытқа қойғанда тіпті керемет болар еді. Жарыс кешке қарай басталғандықтан, маған уақыт тым баяу өтіп жатқандай сезілді. Десе де бәрі ойдағыдай болды. Менің тәтті қиялым шындыққа айналды, - деп ағынан жарылды өзіне сөз берілгенде. Әрі жанкүйерлерге рақмет айтуды да ұмытқан жоқ.

- Жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Сіздердің мұнша көп жиналғандарыңыз мені аздап сасқалақтатты. Алайда, менің жеңісім сіздермен мәндірек болды.

Сөз соңында өз командама айтар алғысым шексіз. Мен сіздерді жақсы көремін,- деп аяқтады сөзін Австралия ашық біріншілігінің жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или