Роджер Федерер алтыншы мәрте Australian Open турнирін жеңіп алды
Австралия ашық біріншілігінің ерлер арасындағы финалдық кездесуінде әлемнің екінші ракеткасы Роджер Федерер<span> </span><span>хорватиялық теннисші Марин Чиличті(6) ұтып, жеңімпаз атанды.</span>
<span>3 сағат 7 минутқа созылған кездесу 3:2 есебімен швейцариялықтың пайдасына шешілді. Бұл Федерердің Australian Open турнирін алтыншы мәрте жеңіп алуы. Роджердің осы турнирдің финалында жетінші рет бақ сынап отырғанын да айта кетейік. Осы жеңісінен кейін ол спорттық ғұмырындағы 20-шы «Үлкен дулығасына» қол жеткізіп отыр.</span>
<span>Кездесу өте тартысты өтті. Федерер кездесуді жеңіспен бастағанымен екінші, төртінші сетте Чилич басым түсті. Бірақ, хорватиялықтың одан әріге күші жетпеді. Ойын есебі, 6:2/5:7/6:3/3:6/6:1</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или