Алина Райкова: Олимпиадада жақсы өнер көрсету үшін бар күшімді саламын
Биатлоннан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алина Райкова Пхенчандағы Олимпиада ойындарына жоспары туралы айтып берді.
"Дайындық ойдағыдай өтуде. Бар көздеген мақсаттарымызды орындадық. Қазіргі таңда Алматыдамыз. Жақын күндері Олимпиада ойындарына қатысу үшін Оңтүстік Кореяға аттанамыз. Мақсатымыз бір - бұл жоғары деңгейде өнер көрсетуде. Жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз. Олимпиада ойындарында бабында боламыз деген ойдамын. Әрине, бәріміздің арманымыз бар. Жақсы нәтиже көрсету үшін бар күшімді саламын", - деді Райкова.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или