Пхенчхандағы Олимпиада ойындары өтетін спорт нысандары
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы Олимпиада алауының тұтанатын сәтіне де санаулы күндер қалды. 90 елден жиналған 2500-ден аса спортшы 15 спорт түрінен Олимпиада медельдарын сарапқа салады.
Prosports.kz Олимпиада ойындары өтетін спорт ныcандарына шолу жасаған еді.
Ұйымдастырушылардың пікірінше Оңтүстік Кореяға қысқы Олимпиада ойындарын өткізуді сеніп тапсырудағы басты себеп дәл осы спорт нысандары болғанға ұқсайды. Спортшылар үшін барлық жарыс өтетін спорт обьектілеріне жету тұрып жатқан жерлерінен есептегенде отыз минуттан аспайды.
Олимпиадаға қатысушылар Альпенсия, Енпхен, Феникс-Парк және Каннын тау шаңғысы курорттарында орналасатын болады. Қысқы Олимпиаданың орталығы Альпенсия мен Каннын тау шатқалы болады деп күтілуде.
Тау шатқалдары шаңғы спорты, биатлон, бобслей, шана спорты және скелетон жарыстарын қабылдайды. Дәл осы жерде Олимпиада ойынының ашылу және жабылу салтанаты өтетін Олимпиадалық стадион да орналасқан.
Осы маңға жағын орналасқан спорт кешендерінде хоккей, коньки спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және кёрлинг сынды спорт түрлерінен жарыстар өтеді.
«Альпенсия» биатлон орталығы (Alpensia Biathlon Centre)

Биатлон орталығы Альпенсия тау шатқалы аумағында орналасқан. Пхёнчхан-2018 Олимпиада ойындарында биатлоннан барлық жарыс түрлері осы жерде өтеді.
Спорт нысанының негізі 1998 жылы қаланып, 2007 және 2015 жылдары күрделі жөндеуден өткен.
Олимпиядалық «Каннын Овал» (Gangneung Oval)

«Каннын Овал» - коньки спортына арналған, Каннын қаласында орналасқан жабық ғимарат.
Пхёнчхан-2018 Олимпиадасында коньки спортынан барлық жарыстарды қабылдайды. Нысанда стандартты 400 метрлік екі айналмалы жолақ бар. 8000 жанкүйерді еркін сыйдыра алады. Ғимараттың құны 36,8 миллион доллар деп есептеледі.
«Каннын Овалдың» құрлыс жұмыстары 2014 жылы басталып 2014 жылы аяқталған. 2017 жылы аталмыш ғимарат конькимен жүгіру спортынан әлем чемпионатының жекелеген қашықтықтарында жарысты қабылдаған.
«Альпенсия» шаңғы орталығы (Alpensia Cross-Country Centre)

«Альпенсия» шаңғы орталығы Альпенсия тау шаңғы курорты аумағында орналасқан. Дәл қасында «Альпенсия» атты биатлон орталығы бар. Жарыс кезінде спорт нысаны шаңғы спортынан жарыстарды қабылдайды.
Спорт нысанының негізі 1998 жылы қаланған. 2009 жылы күрделі жөндеу көрген. 2017 жылы Әлем кубогының кезеңі өткен.
Каннын мұз айдыны (Gangneung Ice Arena)

Каннын мұз айдыны Олимпиада кезінде мәнерлеп сырғанау мен шорт-тректен өтетін жарыстырды қабылдайды.
Аренаның ресми ашылуы 2016 жылдың 14 желтоқсанында өтті. Аталыш спорт нысанын салуға 85 миллион доллар жұмсалған көрінеді. Арена 12000 жанкүйер сыйдыра алады.
Олимпиада ойындары алдындағы тестілеу кезінде спорт нысанында мәнерлеп сырғанаудан Оңтүстік Корея чемпионаты және шорт-тректен Әлем Кубогы өтті.
«Альпенсия» шаңғы-бобслей орталығы (Alpensia Sliding Centre)

«Альпенсия» шаңғы-бобслей орталығы - Дэквалъмьён елді мекені маңындағы шаңғы мен бобслейден жарыстар өткізетін орын.
Шаңғы-бобслей орталығының құрлыс жұмыстары 2013 жылдың желтоқсанында басталып 2017 жылдың соңында аяқталған. Трибуна жеті мың адамға арналған. Нысанды салуға 122 миллион доллар кеткен.
«Альпенсия» тұғырдан секіру трампилин комплексі (Alpensia Ski Jumping Centre)

«Альпенсия» тұғырдан секіру трампилин комплексі аты айтып тұрғандай тұғырдан секіруге арналған спорт нысаны.
2008 жылы ашылған. 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 13 500 жанкүйер жарысты бір мезетте комплекске келіп тамашалай алады. Оның ішінде 11 000 жанкүйер отырып көре алса, 2 500 орын тұрып көруге арналған.
Комплекс К-98 және К-125 трампилиндерін қамтыйды. Олимпиада ойындарынан соң нысан ұлттық құраманың жаттығу жасайтын орнына айналмақ.
Каннын хоккей орталығы (Gangneung Hockey Centre)

Каннын хоккей орталығы Каннын қаласында орналасқан мұз айдыны. Дәл осы аренада Олимпиада кезінде хоккейден жарыстар өтетін болады.
Аренаның құрлыс жұмыстары 2014 жылы басталып ресми ашылуы 2017 жылдың наурызына сәйкес келген. Нысанның құрлыс жұмыстарына 90 миллион доллар кеткен екен. Арена 10000 жанкүйерді еркін сыйдырады.
Квандон университетінің спорт аренасы (Kwandong University Gymnasium)

Квандон университетінің спорт аренасы Олимпиада кезінде Каннын хоккей орталығымен бірге хоккейден жарыстарды қабылдайды.
Аренаның құрлыс жұмыстары 2014 жылы басталып 2017 жылдың ақпанында аяқталған. Сиымдылығы - 6000 жанкүйер.
Каннын керлинг орталығы (Gangneung Curling Centre)

Каннын керлинг орталығы Олимпиада кезінде жабық ғимаратқа айналып керлингтен жарыстарды қабылдайды. Каннын қаласында орналасқан.
1999 жылы аталмыш арена Азия ойындарын қабылдаған. 2007 жылы шорт-тректен, 2009 жылы керлингтен Әлем чемпионатын өткізген.
Аренаның құрлысы 1998-жылы басталып сол жылы аяқталған. Сиымдылығы - 3500 жанкүйер.
Бокванг экстрим-паркі (Bokwang Phoenix Park)

Бұл Олимпиадалық объект екі бөлікке бөлініп фристайл мен сноуборд жарыстарын қабылдайды.
«Фристайл орталығының» сыйымдылығы 4 000 адам болса, «Сноуборд» паркі - 6 250.
Енпхен тау шаңғысы орталығы (Yongpyong Alpine Centre)

Енпхен тау шаңғысы орталығы Оңтүстік Кореяның ең көп қар түсетін аумағында орналасқан. База осы елдің Меккесі саналады. Бұл жерден көптеген танымал спортшыларды кездестіруге болады.
Шаңғы спортынан көптеген жарыстар өткізуге жарамды. Мемелекет көлеміндегі айтулы іс-шаралар да дәл осы жерде өтіп жатады.
Нысанды салуға 84 миллион доллар жұмсалса, Олимпиада алдында тағы да 50 миллион доллор қаржы құйылған.
Объектінің сыйымдылығы 18000 адам. Олимпиада кезінде тау шаңғысы спортынан жарыстарды қабылдайды
Чонсон тау шаңғы орталығы (Jeongseon Alpine Centre)

Чонсон - тағы бір тау шаңғы спортының орталығы. Бұл тау шаңғы курорты болып саналады.
Пхенчхан Олимпиадалық стадионы (Pyeongchang Olympic Stadium)

Пхенчханның Олимпиадалық стадионында ақ Олимпиаданың ашылу және жабылу рәсімі өтеді. Сонымен қатар келесі жылы паралимпиада өтпек.
Стадион 35000 адам сидыра алады.
Кейбір спорт түрлерінің марапаттау рәсімі де осы стадионда өтеді.
Олимпиада ойынының басты спорт ғимаратына 9,4 миллион доллар жұмсалған екен.
Жоғарыда аталған спорт нысандарында Қазақстан спортшылары да өнер көрсететін болады.
Қазақстан қысқы Олимпиадаға 57 жолдама алды.
Биатлоннан - 10, мәнерлеп сырғанаудан - 3, шорт-тректен - 12, конькимен сырғанау бойынша - 12, шаңғы жарысынан - 7, фристайлдан 9, тау шаңғы спортынан - 2, трамплиннен секіру бойынша - 1 және шаңғы спортынан бір лицензия бар.
Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Халықаралық Олимпиада Комитеті 100 пайызға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын.