Каролин Возняцки Australian Open турнирін жеңіп алды
Австралия ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы финалында әлемнің қазіргі бірінші, екінші ракеткалары Симона Халеп пен Каролин Возняцки кездесті.
2 сағат 53 минутқа созылған кездесуде Дания қызы Возняцкидің жолы болды. Ол 2:1 есебімен румыниялық қарсыласын жеңіп, Austrlian Open-2018 турнирінің әйелдер арасындағы чемпионы атанды. Кездесу үш сетке созылды. Возняцки 7:6, 3:6, 6:4 есебімен әлемнің бірінші ракеткасын жеңді.
Ерекше айта кетерлігі, Возняцки Дания тарихындағы тұңғыш «Үлкен дулыға» иегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или