«Канело» қашқақтамас үшін Головкинге шағын рингті таңдау ұсынылды

«Канело» қашқақтамас үшін Головкинге шағын рингті таңдау ұсынылды

ESPN телеарнасының сарапшысы Дэн Рафаэль телеарна сайтындағы чатта жанкүйерлердің сауалдарына жауап беруде. Олардың кейбірі Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) арасындағы реваншқа қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Дэн, меніңше, GGG командасы реванш кезінде көлемі кішкентай рингті таңдауға қатысты келіссөздер өткізуі қажет. «Канело» жиі қашқақтап жүреді, ал мұнда Головкин рингті көп айналмас еді», - деп пікірін білдірді жанкүйерлердің бірі.

«Рингтің көлемі талқылауға жатпайды. Егер жекпе-жек Вегаста немесе АҚШ-тың өзге жерінде өтсе, онда ринг барлық жерде бірдей - стандартты. Бұл сұрақ комиссия құзырында», - деп жауап берді Дэн Рафаэль.

Сондай-ақ сарапшы чатта Альвареспен екінші жекпе-жек алдындағы Головкиннің жоспарындағы өзгерістерге пікір білдірді.

«Олар екеуі де өзгерістер әкелуге лайықты. Головкинге бір нәрсені түбегейлі өзгерту керек деп есептемеймін. Ол бірінші кездесуде жеңіске лайық еді. Кеудеге көбірек соққы жасау - жақсы идея», - деп жазды ол.

Қазақстандық боксшы мен мексикалық спортшының арасындағы реванштық кездесу ағымдағы жылдың 5 мамыры күні өтеді деп күтілуде. Олардың Лас-Вегаста өткен бірінші кездесуі тең аяқталған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или