Қысқы Олимпиадаға неше спортшымыз баратыны белгілі болды

Қысқы Олимпиадаға неше спортшымыз баратыны белгілі болды

Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 57 спортшы қатысады, деп хабарлайды prosports.kz ҚР Спорт комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының еншісінде 57 жолдама бар.

Олар биатлоннан – 10, мәнерлеп сырғанау – 3, шорт-трек – 12, конькимен сырғанау – 12, шаңғы жарысы – 7, фристайл-могул – 4, фристайл-акробатика – 5, тау шаңғы спорты – 2, трамплиннен секіру – 1, шаңғы спорты – 1.

Олимпиада қалашығына бірінші болып биатлонистер кірмек. Олар 1 ақпанда Пхенчханға келеді деп жоспарланып отыр. 7 ақпанда Олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі.

Естеріңізге салайық, қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или