Тұрсынғалиев АҚШ-та титулды жекпе-жегіне дайындалып жатыр
Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев жастар арасында жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр.
Оның спарринг-қарсыластарының бірі – колумбиялық Исмаил Баррозу. Жаттығу жиыны америкалық Майамидегі Moro’s Gym залында өтуде.
Айта кетейік, Мұсаның титулды кездесуі 17 наурызда Багамада өтеді. Тұрсынғалиев бұған дейін сегіз жекпе-жегінің бәрінде жеңіп, оның жетеуін нокаутпен аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или