Criminals
Жеңіл атлетика

Допингпен ұсталған Олимпиада чемпионы ақталып шықты

Допингпен ұсталған Олимпиада чемпионы ақталып шықты
news-banner7
mobile-news-top

Спортттық арбитраждық сот (CAS) америкалық желаяқ Гил Робертсті допингпен ұсталғанына қарамастан кінәсіз деп шешті. Бұл жайлы ұйымның ресми сайты жариялады.

Америкалық арбитражды ассоциация спортшыны шеттетуден бас тартты. Бұл шешіммен келіспеген Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі CAS ұйымына аппеляциялық шағым түсірген. Алайда, сот Роберстің қанында табылған аз мөлшердегі пробенецид препараты жеңіл атлеттің нәтижесіне әсер етпегенін негізге алып, Олимпиада чемпионын ақтап шығарды.

Айта кететін жайт, 2017 жылдың наурыз айында спортшыдан алынған допинг-сынамасы оң нәтиже берген болатын.

Спортшының айтуынша, пробенецид оның организміне қызымен сүйіскеннен жұққан. Гил Роберстің гейрлфренды инфекциядан емделу үшін жоғарыда аталған препаратты қолданған.

Гил Робертс — эстафетадан (100 м жүгіру) Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер