Роджер Федерер жетінші мәрте Australian Open турнирінің финалына шықты
Австралия ашық біріншілігінің жартылай финалдық кездесуінде, әлемнің екінші ракеткасы Роджер Федерер<span> Чхун Хеннен(58) өтіп, финалға шықты, деп хабарлайды prosports.kz сайты.</span>
<span>Оңтүстік Корея елінің тарихында тұңғыш рет Австралия біріншілігінің жартылай финалына жолдама алған Чхун Хен кездесудің екінші сеті өтіп жатқанда жарыстан бас тартты. Сөйтіп ол швейцариялық теннисшінің жетінші мәрте Australian Open турнирінің финалына жолдама алуына мүмкіндік беріп алды.</span>
<span>Федерер енді 28 қаңтар күні хорватиялық теннисші Марин Чиличпен(6) кездеседі. Егер жеңіске жетсе өзінің Австралия ашық біріншілігіндегі алтыншы чемпиондығын тойлайтын болады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или