Алмат Кебіспаев пен Демеу Жадыраев «Takhti cup 2018» турнирініде топ жарды
Бүгін Иранда грек-рим күресінен халықаралық Тахти-2018 кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды prosports.kz uww.com сайтына сілтеме жасап.
38-ші рет ұйымдастырылып отырған жарыста әлемнің 13 мемлектінен келген мықты балуандар екі күн бойы кім мықтыны анықтады. Иран төрінде еліміздің балуандары айла-әдіске толы керемет күрес көрсетіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.
Соңғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев (72 келі) қарсыластарын қоғадай жапырды. Демеу алғашқы белдесуінде әзірбайжандық спортшы Санан Сүлеймановты 4:2 есебімен жеңді, ширек финалда жарыс қожайыны Фаршад Факехты 6:1 есебімен ойсырата ұтса, жартылай финалда грузиялық балуан Гога Гогиберашвилиді тізе бүктірді. Ақтық сайыста түркиялық Мұрат Даг та Демеуге қарсылас бола алмады. Нәтижесінде, Демеу Жадыраев турнирдің жеңімпазы атанды.
Тәжірибелі Алмат Кебіспаев жаңа салмаққа (67 келі) тез бейімделгенін дәлелдеді. Алмат финалда украиналық Мамутовты жеңіп, Тахти кубогының чемпионы атанды. Естеріңізге салайық, ширек финалда Алмат жерлесіміз Данияр Қаленовты 7:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда тағы бір түркиялық спортшы Мұрат Фираттың жауырынын жер иіскеткен болтын.

Өкінішке қарай, 63 келіде ел намысын қорғаған Құдайберген Тұрсынов пен Хусейн Муцольговтардың (87 келі) ақтық сайыста жолдары болмай күміс медальды қанағат тұтты. Тұрсынов қырғыз балуан Кале Сулеймановтан ұтылса, Муцольгов жарыс қожайыны Азизидің мықтылығын мойындауға мәжбүр болды.
Қатысқан жарысында жүлдесіз қайтпайтын ақтөбелік Мейрамбек Айнағұлов (60 келі), Дастан Зарлыханов (60 келі), Ибрагим Магомадов (72 келі) қола жүлдені жеңіп алды.
Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Иранда өткен Тахти-2018 кубогында екі алтын, екі күміс, үш қола медальды еншіледі.
Видеолар: инстаграмдағы kaz_wrestling_mode парақшасынан