Айдар Шәрібаев Америкаға аттанды

Айдар Шәрібаев Америкаға аттанды
Бүгін түнде қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Майамиге (АҚШ) жол тартты.
 
Жиын қорытындысы бойынша ол чемпиондық жекпе-жегін өткізеді. Қазақстандық боксшының айқасы наурыз айына жоспарланған. Әзірге оның қарсыласы белгісіз. Дегенмен, жеңіл салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental белбеуіне таласады деп күтілуде. Ал Майамиде Шәрібаев өзінің жеке бапкері Осмири Фернандестің қарамағында жаттығады.
Алматы әуежайы арқылы ұшқан Айдарды достары мен жақын туыстары шығарып салды.
sport.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или