Шорт-тректен тағы бір жолдама қоржынға түсті
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында эстафета сайысына жолдама алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайты хабарлады.
ҚР ҰОК Халықаралық конькишілер Кеңесінен эстафетаға қатысу рұқсатын алды.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін шорт-трекшілеріміз 1500 метр қашықтыққа сайыста қосымша бір жолдама алған болатын.
Осылайша, Оңтүстік Кореяға жеті қазақстандық (бес еркек, екі әйел) шорт-трекші аттанады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или