Корея елі Олимпиада кезінде әлемді жаңа технологиялармен таңғалдырмақ

Корея елі Олимпиада кезінде әлемді жаңа технологиялармен таңғалдырмақ

Олимпиада кезінде туристерге роботтар жол сілтейді, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

Оңтүстік Корея елінде өтетін Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Жарыс күнтізбесіндегі негізгі сайыстар Пхенчхан және Каннын қаласында өтеді. Кешенді сынды қабылдайтын шаһарлар шетелден келетін спортшылар мен қонақтарды күтіп алуға дайын.

2018 жылғы Қысқы Олимпиада қонақтарды жаңа технологиясымен таңдай қақтырады деп күтілуде. Сеулден Пхенчханға қатынайтын пойыздар сағатына 300 шақырымдық жылдамдықпен жүйткімек. Әлем бойынша алғаш рет ең шапшаң бес джи интернеті іске қосылады. Ал туристерге жол сілтеуші қызметін роботтар атқарады. Сондай-ақ қонақтар тек Олимпиада ойындарын көріп ғана қоймай, ай күнтізбесі бойынша келетін жаңа жыл мерекесін де тойлайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или