Денис Тен Ертең Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері, Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен ертең 2018 жылғы алғашқы турниріне - Төрт құрлық чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Қытайдың Тайпэй қаласында өтіп жатқан турнирде ерлер арасында 30 спортшы қысқа бағдарламасын ұсынады. Онда Қазақстан атынан Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, Денис Тен былтыр тамыз айында Оңтүстік Кореядағы мұз шоуының қарсаңында ауыр жарақат алып, содан қазан айында ғана толық айыққан болатын. Денис Тен Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайды.
Бүгін Төрт құрлық чемпионатының әйелдер арасындағы жарыста қысқа бағдарламада Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсетті. Элизабет 56,52 ұпаймен 11-орынды иеленсе, 36,47 балл жинаған Мамбекова 20-орынмен шектелді.