Қазақстандық спортшылар Олимпиадаға 15 жолдама жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Олимпиадаға 15 жолдама жеңіп алды

Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы шаңғы спорты түрлерінің 15 лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды Qazsport телеарнасы

Оның ішінде шаңғы жарысында 6 лицензия (2 ер, 2 қыздар арасында, 2 командалық).  Сонымен қатар, фристайл-могул спортынан 3 спортшымыз (2 ер, 1 қыздар арасында) мен фристайл-акробатикадан да 3 спортшы (3 қыздар арасында) ақ Олимпиадада өнер көрсететін болады.

Сондай-ақ, базалық квоталар: тау шаңғысы 2 лицензия (1 ерлер, 1 әйелдер арасында) және трамплиннен секіру спорты бойынша ерлер арасындағы бір лицензия бар.

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында шаңғы қоссайысы, сноуборд және фристайлдың ски-кросс, хафпайп, слоупстайл түрлері бойынша қатыса алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиадада спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайды. Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или