Витор Белфорт: Биспинг, сылтау айтуды қой!

Витор Белфорт: Биспинг, сылтау айтуды қой!

UFC-дің бұрынғы чемпионы Витор Белфорт англиялық Майкл Биспингке қарсы қарымта кездесу өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды prosports.kz.

«Биспинг, сылтау айтуды қой. UFC сенімен төбелесуді ұсынды. Мен келісімімді бердім. Не дейсің? Жанкүйерлерге керемет айқас сыйлап, әдемі қоштасайық», – деп жазды Витор.

Айта кетейік, танымал ММА-журналисі Ариэль Хельванни Биспингтан Витормен болатын екінші жекпе-жек жайлы сұрады. Алайда, англиялық Витормен ортақ іс жасағысы келмейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, Витор Белфорт пен  Майкл Биспингтің бірінші кездесуінде бразилиялық нокаутпен жеңіске жеткен. Қазіргі таңда қос спортшы үлкен спортпен қош айтыспақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или