Мэнни Пакьяо: Ломаченкомен келіссөздер жүргізудеміз
Бокстан сегіз салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченкомен жұдырықтасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.<br /><br />«Қазіргі таңда p4p көшбасшысы Василий Ломаченкомен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қай салмақта қолғап түйістіретініміз талқылануда. Мен боксты сағындым», – деді 39 жастағы Пакьяо.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Qazaq team өкілдері хабарлағандай Қанат Ислам мен Мэнни Пакьяо жекпе-жек өткізу үшін келіссөздер жүргізуде және кездесу <span>«</span>Алматы арена<span>» спорт сарайында өтуі мүмкін деген ақпарат таратқан болатын.</span>
Айта кетейік, Ломаченко екінші жартылай жеңіл салмақта ( 59 келіге дейін) өнер көрсетеді, ал Мэнни Пакьяо соңғы жекпе-жектерін жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) өткізді.