Олимпиадада Қазақстан құрамасына қандай міндет жүктелгені белгілі болды
Корея жеріндегі Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларға Сочидегі нәтижеден төмен өнер көрсетпеу міндеті жүктелді. Бұл туралы бүгін Қазақстан құрамасын салтанатты түрде шығарып салу рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Бүгін Алматы облысында орналасқан АИБА Бокс академиясында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы, сондай-ақ шаңғы спорты, биатлон, фристайл-акробатика мен фристайл-могулдан ұлттық құрама командалары қатысты. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов бүгінгі таңда 9 спорт түрінен 49 жолдамамыз бар екенін жеткізді.

«Қазіргі уақытта бізде 9 спорт түрінен 49 жолдама бар. Бұл соңғы санақ емес, бір-екі күннен кейін толық тізім белгілі болады. Шаңғы спорт түрінен тағы да жолдама қосылады деп ойлаймыз. Біздің құрама команда соңғы жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Спортшыларымыздың ұшу графигі билеттері де дайын. Құрама команда алдында тапсырма қойылды. Сочиде өткен Олимпиададан нәтижеміз кем болмауы керек. Фристайл-могул, шаңғы спорт түрлері, коньки спорт түрлерінен үміт күтетіндей жақсы нәтижелеріміз бар», - деді Елсияр Қанағатов
Естеріңізде болса, Сочи Олимпиядасында Қазақстан құрамасы бір қола медаль алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или