Федерер мен Вавринка Қазақстанға қарсы ойнамайды

Федерер мен Вавринка Қазақстанға қарсы ойнамайды

Дэвис кубогы Әлемдік тобында Қазақстан құрамасымен ойнайтын Швейцарияның құрамы белгілі болды.

Швейцарияның намысын мына теннисшілер қорғайды: Генри Лааксонен (ATP рейтингісінде 118-ші), Адриан Бодмер (467-ші), Марк-Андреа Хюслер (601-ші), Антуан Беллье (704-ші) және Лука Маргароли (846-ші).

Осылайша, швейцариялық теннис жұлдыздары Роджер Федерер (әлемнің 2-ші ракеткасы) мен Стэн Вавринка (8-ші) Қазақстанға қарсы ойнамайды.

Айта кетейік, Қазақстан – Швейцария матчы 2-4 ақпан арасында Астанада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или