Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Лос-Анджелеске бара сала Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) «Лос-Анджелес Кингз» — «Нью-Йорк Рейнджерс» матчын тамашалады. Бұл туралы Baq.kz жазды.
Головкин Лос-Анджелесте ұлымен хоккейге барды
Головкин ҰХЛ матчы өткен Staples Center-ге хоккеймен айналысатын және сол қаланың балалар командасында ойнайтын ұлы Вадиммен бірге келді.
Бұған дейін Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Вадим туралы пікір білдірген.
«Геннадийдің ұлы - өте тамаша хоккейші. Оның жасы 8-де, бірақ ол 10 жасар балалардың командасында ойнайды. Әкесі сияқты талантты спортшы. Егер Вадим хоккейін жалғастырса, онда болашақта оның атын кәсіби командалардың бірінен естуіміз мүмкін», - деген Санчес.
Сонымен қатар, Головкин жақын күндері мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізуге келісіп, келісімшарт жасасуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или