Қазақстан құрамасын қысқы Олимпиадаға ресми түрде шығарып салды

Қазақстан құрамасын қысқы Олимпиадаға ресми түрде шығарып салды

Бүгін Алматыда Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков санаулы күндерден кейін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі.

Салтанатты шараға Олимпиада алдында Қазақстанда жаттығуларын пысықтап жатқан шаңғы жарысы, биатлон және фристайлдан ұлттық құрамалардың спортшылары қатысты. Олимпиадашылар атынан шаңғышы Анна Шевченко мен фристайл акробатика шебері Жанбота Алдабергенова сөз сөйледі

Қысқы Олимпиада ойындарына екі аптадан астам уақыт қалды. Пхенчханда қазақстандық спортшылар әзірше бес спорт түрінен 34 жолдама жеңіп алды.

Олимпиада ойындары екі кластерде орналасқан 12 спорт нысанында өтеді.

Пхенчхан таулы кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажайдағы Каннынкластерінде коньким спортынан бәсекелер өтеді. Олимпиада ауылдары екі кла-стерде болмақ. Олимпиада ауылына бірінші ақпанында бірінде біздің биалтоншыларымыз орналаспақ. Ертеңінде тау шаңғышыларымызбен конькишілеріміз кіреді . Ақпанда шорт-трекшілер мен могулшылар жайғаспақ.

Шаңғышылар мен тұғыр дан секірушілер ақпанның 5-де оларға қосылады. Фристайл акробатикадан ұлттық құрама Кореяға ақпанның сегізінде келеді. Мәнерлеп сырғанаушылар жарыс өтетін жерге жеке-жеке келмек.

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9 мен 25 аралығында өтеді. Ашылу салтанатында еліміздің көк туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или