Тегін мұз айдындарындағы нұсқаушылар керемет көңіл күй сыйлады
Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары жалғасуда, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық ХАБ.
Тәжірибелі нұсқаушылар сенбі және жексенбі күні сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін Жібек жолы – Абылай хан көшесінде, ҚР Тұңғыш Президенті саябағында, «Март» сауда орталығының жанында және "Дубок" ықшам ауданындағы Центральная 8г көшесінде орналасқан тегін мұз айдындарының келушілерін тегін коньки тебуді үйретті. Жалпы екі күн ішінде бұл мұз айдынадарына 2000 жуық адам келген.
Сонымен қатар, мұз айдынның қонақтары көптеген қызықты ойындарға қатысып, би билеп, бағалы сыйлықтарға ие болады.
-Маған коньки тепкен өте ұнайды. Дубок ықшам ауданында тұрамын, мұз айдыны үйдің жанында, өте ыңғайлы. Осындай мұз аландары ашылғанына қуаныштымын, тегін нұсқаушылар да жақсы ұйретеді. Мен бүгін артпен жүруді үйрендім, - деді келушілердің бірі Данияр Толымхан.
Айта кету керек, спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.