Қазақстан шана спортынан тұңғыш рет Олимпиадаға қатысады
<span style="font-family: pt_sans, 'Times New Roman';">Қысқы Олимпиада ойындарына шана спортынан ерлер арасында тұңғыш рет қазақстандық спортшы қатысады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің ресми сайты хабарлады. </span>
<span style="font-family: pt_sans, 'Times New Roman';">Шана спортынан тарихи жолдаманы Никита Копыренко иеленді. 19 жастағы алматылық спортшы бұл спорт түрінен өзге велоспортпен де шұғылданады. Олимпиадасы жолдамасы жайлы Никитаның өзі де таңданысын жасырмады. - Күтпеген жерден, бүгін қуанышты хабар жетті. Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама иелендім. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын, - деп жазды спортшы.</span>
<span style="font-family: pt_sans, 'Times New Roman';"> Айта кетейік, Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында өтеді. Шана спортынан Оңтүстік Кореяда 12 медаль сарапқа салынады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 34 жолдама бар. Ұлттық құраманың толық тізімі жақын күндері белгілі болады.</span>