Қысқы Олимпиадаға Солтүстік Кореядан 22 спортшы қатысады

Қысқы Олимпиадаға Солтүстік Кореядан 22 спортшы қатысады

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Солтүстік Кореядан 22 спортшы қатысады. Бұл шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қабылдап отыр.

Лозаннда өткен отырыс барысында ХОК Корей халық демократиялық республикасына (КХДР) Олимпиадаға қатысуға квота ұсынған. Солтүстік Кореяның намысын қорғайтын спортшылар бес дисциплина бойынша спорттың үш түрінен өтетін жарыстарға қатысады: жүгіру, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және әйелдер хоккейі.

9 ақпанда өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатында КХДР мен Оңтүстік Корея «біртұтас Корея» туының астында бірге өтеді. Туды әр елдің бір-бірден екі спортшысы көтеріп жүреді.

ХОК басшысы Томас Бахтың айтуынша, КХДР спорт делегациясының құрамында спортшылардан бөлек 24 шенеунік пен БАҚ-тың 21 өкілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или