Рейхерд пен Галышева әлем кубогында қола медальға қол жеткізді
Канаданың Тремблан қаласында могулдан әлем кубогының жетінші кезеңі аяқталды.
Қазақстандық фристайлшылар бұл кезеңде екі қола жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд жүлделі орынға ілінді. Канадалық Майкл Кингсбери екінші орын иеленсе, жапониялық Икума Хорисима жарыстың жеңімпазы атанды.
Әйелдер арасындағы сайыста Юлия Галышева жарақатына қарамастан қола жүлдеге қол жеткізді. Күміс медаль канадалық Анди Наудеге бұйырса, тағы бір канадалық Жюстин Дюфур-Ляпойнт туған жеріндегі жарыста топ жарды.
Енді отандастырымыз Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайды.
Могулдан әлем кубогының VII кезеңі, Тремблан, Канада
Ерлер
1. Икума Хорисима (Жапония) - 93.88<br />2. Майкл Кингсбери (Канада) - 93.27<br />3. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) - 88.44
Әйелдер
1. Жюстин Дюфур-Ляпойнт (Канада) - 87.43<br />2. Анди Науде (Канада) - 85.35<br />3. Юлия Галышева (Қазақстан) - 84.61