Италияда қазақстандық биатлоншы жақсы өнер көрсетті
Антхольцта (Италия) өтіп жатқан биатлоннан әлем кубогының алтыншы кезеңінде ізге түсу сайысынан сынға түскен отандасымыз Галина Вишневская алтыншы орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Бұл Вишневскаяның биылғы маусымдағы ең үздік көрсеткіші. Ал өзге спортшыларымыз Ольга Полторанина - 38-ші, Алина Райкова 39-шы орындардан көрінді.
Бұл сында бас жүлдені германиялық Лаура Дальмайер жеңіп алса, екінші орынды италиялық Доротея Вирер қанжығасына байлады. Үздік үштікті Беларусь спортшысы Дарья Домрачева түйіндеді.
Биатлоннан әлем кубогының VI кезеңі, Антхольц-Антерсельва, Италия Әйелдер: Ізге түсу, 10 шақырым
1. Лаура Дальмайер (Германия) - 29:45.0
2. Доротея Вирер (Италия) - +17.3
3. Дарья Домрачева (Беларусь) - +20.2 ...
6. Галина Вишневская (Қазақстан) - +1:20.1
38. Ольга Полторанина (Қазақстан) - +3:49.8
39. Алина Райкова (Қазақстан) - +3:53.1