Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарысқа 10 ел қатысады

Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарысқа 10 ел қатысады

<span>20 қаңтар күні Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған IV халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты. </span>

<span>Бұл жарыс биылғы жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының күнтізбесіне енгізілген. Жыл сайын турнирдің географиялық ауқымы кеңейіп келеді. Былтырғы жылы Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Қырғызстан, Армения, Малайзия, Қазақстан спортшылары қатысқан. Ал биыл Украина, Малайзия, Армения, Грузия, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Қазақстан атлеттері қатысады. Жарыс 20 қаңтар күні 10:00-де басталады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или